Қазақстанда алдағы 2-3 жылда жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асхат Оразбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Altel мен Tele2 компаниялары қатарлық инвесторларға сатылғаннан кейін байланыс тарифтері төмендеуі керек. Вице-министрдің сөзінше, өйткені Tele2 Қазақстан нарығына кірген кезде KCell мен Beeline тарифтерін төмендетуге мәжбүр болған.
2018-2021 жылдары мобильді операторлар байланыс құнын көтермеу туралы меморандумға қол қойған еді. Ол аяқталғаннан кейін олар бағаны қайта көтере бастады. Менің ойымша, нарықтағы бәсекелестік теңестіруге тиіс, - дейді Оразбек.
Оразбек байланыс операторы азаматтардың талап-тілегі орындамаған жағдайда не болатынын айтты.
Егер ешқандай өзгеріс болмаса, біз нарыққа төртінші операторды қосуға дайынбыз. Олар нарықта өз орындарын сақтап қалу үшін, пайдаланушылардың талап-тілектерін ескеруге міндетті. Әйтпесе, біз байланыс нарығындағы бәсекелестікті күшейтуге мәжбүрміз, - деді ол.
Еске салайық, Altel мен Tele2 компанияларын қатарлық инвесторларға сату туралы келісімге сәйкес, үш жыл бойы нарықта жаңа оператор кірмеуі керек.
Егер қазіргі үш оператор біздің азаматтарымыздың тарифтер мен сапаға деген талаптарын қанағаттандырмаса екі жыл өткен соң, біз жаңа операторды іске қосуға әзір боламыз, - деп түйіндеді Оразбек.