Елімізде судьялар "бір звонокпен" шешім қабылдай ма? – Сенатор пікір білдірді

14 Маусым 2024, 11:52
665
Бөлісу:
Елімізде судьялар "бір звонокпен" шешім қабылдай ма? – Сенатор пікір білдірді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Сенатор Нұрлан Бекназаров Қазақстандағы судьялардың көбі өз бетімен шешім қабылдай алады деп есептейді. Онымен қоса, еліміздегі судьялардың ең төменгі жалақы мөлшерін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұрынғы жағдаймен салыстырғанда халықтың сот жүйесіне деген сенімі қалпына келіп жатыр. Өйткені қазіргі таңда көптеген реформалар жасалып жатыр. Бір адамның пікірімен, бір адамның қоңырауымен шешім қабылданып жатқан жоқ. Егер болса, есімін атар едім ғой? Өзі шешім қабылдай алмайтын, құқығын пайдалана алмайтын судья орнын босатуы керек. Жалпы, судьяның заңмен құқығы белгіленген. Заң аясында уәждемелерді жіті қарап, біліктілігі арқылы шешім қабылдауға тиіс. Судья тәуелсіз болуы керек. Ал, қоңыраумен шешім қабылдайтын судья ол судья емес, – деді Бекназаров мәжіліс кулуарында.

Депутат судьялардың жалақысы аз емес екенін айтты.

Судьялардың жалақсы аз емес. Ең төменгі сатындағы судьялардың жалақылары бірдей. Шамамен 700-800 мың теңгеден басталады. Ал, ең жоғарғы жалақы судьяның сатысына байланысты. Яғни аудандық, қалалық, жоғарғы сот деген сатыларға бөлінеді, – деді Нұрлан Бекназаров.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 300-ден астам судьяның орны бос тұрғанын жазған едік.

Сондай-ақ Парламент палаталарының бірлескен отырысында судьялардың кәсібилігін арттыратын заң жобасы қаралды.

Өзгелердің жаңалығы