Елімізде Спорттық бағдарламалау федерациясы құрылды, деп жазады BAQ.KZ.
Цифрлық даму министрі Мусин Бағдат федерацияға жетекшілік ететін болады.
Федерацияны құра отырып, біз халық арасында спорттық бағдарламалауды дамыту мен насихаттау жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ осы бағытта түрлі жарыстарға қатысатын жастарымыздың нәтижелерін одан әрі жақсартуды жоспарлап отырмыз. Біз спорттық бағдарламалауды жаңа деңгейге көтеріп, мықты IT-мамандардың жаңа буынын қалыптастыра аламыз деп сенемін! – деді министр.
Мусиннің атап өтуінше, бүгінгі таңда Спорттық бағдарламалау – бұл болашағынан үміт күттірер интеллектуалды спорт түрі, мұнда жасөспірімдер математикалық алгоритмдік есептерді бағдарламалау тілдерін қолдана отырып шеше алады.
Қазақстандық оқушылар мен студенттер IOI және ICPC сияқты халықаралық жарыстарға тұрақты түрде қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде, – деді ол.