Елімізде шығарылатын көліктің 40% Шығыс Қазақстанда құрастырылады

5 Қыркүйек 2019, 06:46
2099
Бөлісу:
Елімізде шығарылатын көліктің 40% Шығыс Қазақстанда құрастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде шығарылатын автокөліктердің 40 пайызы Шығыс Қазақстанда құрастырылады. Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шорманов хабарлады, деп жазады altaynews.kz.

"Облыстағы ірі өндірістік кәсіпорындар металлургия және машинақұрастыру саласында шоғырланған. Бүгінгі таңда еліміздегі машинақұрастыру өнімдерінің 20 пайызы, автокөлік құралдарының 40 пайызы Шығыс Қазақстанда шығарылады. «АзияАвто», «СемАз», «Daewoo Bus Kazakhstan» сынды автоөндірушілер бізде орналасқан. Отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларының ұлғаюы өңірде машина жасау кешенінің қалыпты дамуына жағдай жасауда", - дейді Ержан Шорманов

Айта кетейік, соңғы жартыжылдықта облыстың өндіріс өнімдері 13 пайызға ұлғайса, оның 70 пайызын қайта өңдеу секторында жұмыс істейтін кәсіпорындар құрап отыр.

Өзгелердің жаңалығы