Елімізде шомылуға рұқсат етілген 500-ге жуық орын бар – Сыздықов 

21 Маусым 2022, 12:33
1436
Бөлісу:
Елімізде шомылуға рұқсат етілген 500-ге жуық орын бар – Сыздықов 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Елімізде шомылуға рұқсат етілген 497 орын анықталды. Оның ішінде 142 коммуналдық және 341 жеке жағажай бар. 14 орын бойынша нақты иелерін бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. ТЖ министрлігінің құтқару бөлімшелері тәулік бойы 493 құтқарушы қызмет атқаратын азаматтар пайдаланатын су айдындарының 125 учаскесін бақылайды, - деді Сыздықов. 

Ол атағандай, су акваторияларын қамтуды ұлғайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шомылу маусымы басталысымен су қоймаларының қауіпті және күзетілмейтін учаскелерінде министрліктің қосымша 55 мобильдік құтқару бекеті қойылады.

Әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп министрліктің жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен 377 объектілік құтқару бекеті жабдықталады.Коммуналдық және жеке жағажайларда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін 162 медициналық пункт жұмыс жасайтын болады. Қалған медициналық қызметкерлер құтқару пунктінің құрамында кезекшілік етеді, - деді Бауыржан Сыздықов. 

Өзгелердің жаңалығы