«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны «Шетелге заңсыз шығарылған активтер қайтару» тақырыбына арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бас прокуратурада елімізде заңсыз иемденген активтерді заңды жолмен қайтаратын арнайы мемлекеттік мекеме құрылды. Президент жарлығымен жүзеге асқан комитетке мемлекет тарапынан бірқатар құқық берілген.
Кейбір дереккөздерге сенсек, 25 жылда Қазақстаннан шетелге 165 млрд доллар шығарылған. Шамалап қарасақ, бұл – елдің ішкі жалпы өнімімен сыртқы қарызына тең қаржы. Бұған дейін Бас прокуратура Қазақстанға 760 млрд тееңге қайтарылғанын хабарлаған. Қай елден, кімнің активі қайтарылғаны туралы ақпарат ашыық жарияланбады. Қордың сарапшыларды активтерді қайтару процесі құпия бола берсе, олигархтар мен шикізат алпауыттарының арасында тиісуге болмайтын адамдардың тізімі жасалуы мүмкін, заңммен құқығы мүлде шектелмеген көлеңкелі топтар пайда болуы ықтимал деген қауіп айтқан. Ал кейбір мамандар елден шығарылған қаржы бұдан да көп деп айтады.
Шетелге заңсыз шығарылған активтер толықтай қашан қайтарылады? Заң олигархтар мен активердің ыңғайына қарай қабылданған ба? Қаржысы 100 млн доллардан асатын тұлғалардың тізімі жасалды ма? Шетелден қайтарылған активерден қандай өзгерістер болды? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын репортаждан біле аласыздар.
Бұған дейін «Жаңарған Қазақстан» репортажы еліміздегі дәрігерлер мәртебесіне арналған болатын.