Елімізде сәуір айында арнайы медициналық пойыз шалғай елдімекендерге барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
Биыл пойыз уақытында 1 сәуірден бастап жүретін болады. Тиісті келісім бар, бюджет құйылған. Қазір пойыздың жүру кестесі әзірленіп жатыр, - деді министр.
Ведомство басшысының сөзінше, барлық жұмыс жоспар бойынша жасалады.
Министр "Денсаулық" медициналық пойызының жүру уақытын сұраған тілшілерге ұсынысты назарға алатындығын айтты.
Пойыз жыл 12 айдың 8-інде жұмыс істейді. Бұл ұсынысты ескереміз, - деп жалғастырды Ақмарал Әлназарова.