Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сәби өлімі жоғары деңгейде қалып отыр. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бұл көрсеткіштің 6,5%-ға өсуі байқалады. Көрсеткіштердің ең нашар мәндері Қостанай облысында, яғни 1000 тірі тулғанға шаққанда 12,58 және Шымкент қаласында – 1000 тірі туғанға шаққанда 13,58-ды көрсетті. 33% жағдайда 1 000 граммға дейін шала туған, салмағы аз балалар шетінеген, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, биыл жарты жылда ана өлім-жітімінің көрсеткішін 2,4 есеге төмендеген.
Ал ана өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Оған 70% жағдайда акушерлік асқынулар мен 30% жағдайда соматикалық аурулар себеп болады. Медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту үшін резидентурада медицина кадрларын, оның ішінде акушер-гинекологтар, неонатологтар және анестезиолог-реаниматологтар сияқты арнайы және тапшы мамандықтарды даярлауға арналған гранттардың саны бір жарым мыңға дейін ұлғайтылды, - деді министр.