Былтырғы жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда сырқаттанушылар 91%-ға, мамыр айымен салыстырғанда 42,5%-ға төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова мәлімдеді.
Соңғы аптада қызылшаның 94 жағдайы тіркелді, алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанудың 72 жағдайға төмендегені байқалады. Сонымен қатар, шілде айының басынан бастап көкжөтелмен сырқаттану да төмендегені байқалады. Соңғы аптада көкжөтелдің 60 жағдайы тіркелді. алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 50 жағдайға төмендеген,-деді ол.
Қызылша және көкжөтелге қарсы вакцина бойынша балалардың 61%-ы екпеден бас тартуға, 22%-ы медициналық көрсеткіштер бойынша кейінгі қалдыруға, 17%-ы егу мәртебесіне жетпеуіне байланысты егілмеген.