Қазақстанда 2024 жылғы қаңтар мен қараша аралығында құс етінің өндірісі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4% ұлғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы аралықта отандық кәсіпорындар 326,3 мың тонна өнім өндірді. Құс етінің экспорты 34,2% артты.
2024 жылдың он бір айында шетелге 38 мың тонна өнім экспортталды, ал 2023 жылғы аталған кезеңде экспорт 28,3 мың тонна болған. Импорт болса 10,7% төмендеді. Белгіленген кезеңде елге 121 мың тонна өнім әкелінген.
Қазақстанның ішкі нарығында 2024 жылдың 11 айында 409,3 мың тонна құс еті сатылды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1% көп (405,4 мың тонна).