Биылғы тоғыз айдың ішінде құбыр арқылы тасымал тарифы былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,9% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәімдеуінше, оның ішінде шикі мұнайды тасымалдау тарифы 5,6% өскен.
Сондай-ақ табиғи газды тасымалдау 1,4% қымбаттады.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте құбыр арқылы 220,1 млн тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 7,3% артық), жүк айналымы 112 млрд т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 4% өсті).