Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елімізде қойдың саны 23 миллоннан асты

Бөлісу:
 Ғазиз ШАКИРОВ  - архив
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Сенатта өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин ветеринариялық қызметтің қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары туралы баяндама жасап, жануарлар саны, ет өндірісі және қауіпті аурулармен күрес нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Сенаттағы “Қазақстан Республикасының ветеринариялық қызметі: жай-күйі және даму перспективалары” атты Үкімет сағатында еліміздегі мал шаруашылығының ахуалы мен ветеринариялық қауіпсіздік бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде республика аумағында:

  • 9,1 млн бас ірі қара,
  • 23,7 млн бас ұсақ мал,
  • 4,7 млн бас жылқы,
  • 302 мың бас түйе,
  • 569 мың бас шошқа тіркелген.

Ет өндірісінің айтарлықтай өсті. Министрлік қабылдаған шаралардың нәтижесінде еттің барлық түрін өндіру көлемі 914 мың тоннаға жеткен, соған сәйкес сиыр еті мен қой етінің экспорты 60,8 мың тоннаға дейін ұлғайды, - деді Бердалин.

Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы анықтаған 90-нан астам аса қауіпті аурудың ішінде Қазақстан аумағында 23 ауруға қарсы вакциналау жүргізіліп жатыр.

Вице-министрдің мәліметінше, елдегі жануарлар ауруларының ошақтары 2024 жылмен салыстырғанда 51%-ға азайған.

Аманғали Бердалин халықаралық ұйымдармен бірлескен жұмысты да таныстырды. Министрлік бруцеллез, ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасы, аусыл және басқа да қауіпті аурулармен күрес стратегиясын жетілдіру үшін Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы (WOAH), Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) сарапшыларының қатысуымен жұмыс тобын құрған.

Жұмыс тобының қорытындысы бойынша халықаралық сарапшылардың ұсынымдары ескеріліп, аурулармен күрес шаралары қайта қаралады.

Өзгелердің жаңалығы