Елімізде қанша гектар жер жарамсыз күйге түскен?

27 Қаңтар 2025, 16:45
224
Бөлісу:
Елімізде қанша гектар жер жарамсыз күйге түскен?
Фото: pixabay.com

Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов елімізде 30 млн гектар аумақтың жарамсыз екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Теміржановтің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда шамамен 30 млн гектар жер деградацияға ұшыраған. Оның ішінде: 5 млн гектар – су эрозиясына;
- 25 млн гектар – жел эрозиясына ұшыраған. Ал жалпы елімізде 27 млн гектар тапталған жайылым бар.

Жер деградациясымен күрес қалай жүріп жатыр?

2023 жылғы 1 қыркүйекте №755 Үкімет қаулысына сәйкес, жердің деградациясымен жүйелі күрес мәселелерін шешу үшін Жер ресурстарын басқару комитетінің жанынан "Жерлерге зерттеп қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ЖерЖЗМИ) негізінде бірыңғай топырақ кластері қызметі құрылды.

Жер ЖЗМИ 2023-2024 жылдар аралығында:

-11,4 млн га аумақта топырақ зерттеулері жүргізілді;

- 14,6 млн га аумақта геоботаникалық зерттеулер;

- 7 млн га аумақта топырақ бонитеті жүргізілді.

Комитеттің бағынысты мекемесі Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты ("АШАІМИ" РМК) 205 млн гектарды қамтитын жерде цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау жұмыстарын аяқтады. Бұл карталар ауыл шаруашылығы алқаптарының кеңістіктегі орналасуы, көлемі және сапалық жағдайы туралы объективті ақпаратты көрсетеді. Бұдан бөлек, жер ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша негізгі мәселелерді шешуге бағытталған заңнамалық шаралар қолға алынды, - дейді Теміржанов.

Жайылымдарды пайдалану мәселесін реттейтін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді.

Бұл шаралар мал шаруашылығымен айналысатын адамдар үшін жерлердің қолжетімділігін арттырып, жайылым жетіспеушілігі байқалатын өңірлердегі жағдайды жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар 2024 жылы Парламентке топырақты қорғау туралы заң жобасы жолданды. Бұл заң жобасы жердің сапасын сақтау, деградацияның алдын алу және топырақтың құнарлы қабатын қорғау бойынша мемлекеттік саясаттың негіздерін айқындайды, - дейді АШМ өкілі.

Бұған дейін соңғы үш жылда мемлекетке 12 млн гектар жер қайтарылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, жайылым жер дауы бойынша ауыл халқының мәселесі қалай шешілетінін жаздық.

Өзгелердің жаңалығы