Ертең ел атап өтетін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы қызықты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанда 10 381 377 әйел тұрады – бұл ел халқының 51,1%-ын құрайды. Соңғы 10 жылда қазақстандық әйелдердің саны 15,2%-ға өскен.
Елде әйелдер ең көп тұратын өңірлер:
- Алматы – 1,2 млн;
- Түркістан облысы – 1 млн;
- Астана – 803 мың.
Әйелдердің басым бөлігі қалалық өмірді қалайды – 64,4%-ы мегаполистерде тұрса, 35,6%-ы ауылдық жерлерде тұрады.
Қазақстандық әйелдердің орташа жасы – 34,1 жас.
Келе жатқан мерекемен құттықтаймыз! Бұл күн сізге қуаныш, шабыт және ең жылы лебіздер әкелсін! - деп нәзік жандыларды мерекемен құттықтады Ұлттық статистика бюросы.