Елімізде қанша адам үй кезегінде тұрғаны белгілі болды

1 Ақпан 2022, 09:22
1409
Бөлісу:
Елімізде қанша адам үй кезегінде тұрғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде қанша адам үй кезегінде тұрғанын айтты.

Министр атап өткендей, жалдау ақысы үшін тұрғын үй төлемдері туралы Мемлекет басшысы жекелеген санаттағы азаматтардың мәселелерін жедел шешу мақсатында баспананы нарықтан жалға алғаны үшін төлем жасау тетігін әзірлеуді тапсырды. 

Қазіргі күні елімізде 590 мыңдай адам үй кезегінде тұр. Оның 210 мыңы халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобына жатады. Олар: көпбалалы отбасылар, І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, - деп атап өтті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Оның сөзінше, Еңбек министрлігінің деректеріне сәйкес олардың ішінде табысы бір күнкөріс деңгейінен төмен 70 мыңдай азамат баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс.

Өзгелердің жаңалығы