Елімізде қанша адам Отан алдындағы борышын өтегісі келмей жүргені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қарулы Күштер бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері, подполковник Руслан Тапашев қанша азамат Отан алдындағы әскери борышын өтемей жүргенін айтты.
Былтырғы, яғни 2022 жылғы статистика бойынша елімізде қашып жүрген емес, іздеуде жүрген азаматтар саны 30 мыңнан асады. Салыстырмалы түрде 2021 жылы бұл көрсеткіш 37 мыңнан асатын, - деп айтты Қарулы Күштер өкілі.
Сөзінше, іздестіру жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың келісімімен жүргізіледі.
Жергілікті басқару органдары мен полиция өкілдері жоспар құрып, азаматтарды іздестіріп, оларды әскерге шақыру пунктеріне жеткізу жұмыстарын жүргізеді, - деп толықтырды Руслан Тапашев.
Оның айтуына қарағанда, азаматтар түрлі себептермен іздестірілуде жүр. Атап айтқанда, жұмыс бабымен және т.б.