Елімізде қандай мамандық иелеріне сұраныс артады

5 Ақпан 2022, 11:07
1583
Бөлісу:
Елімізде қандай мамандық иелеріне сұраныс артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы күзетшілер, бухгалтерлер, сатушылар мен жүргізушілерге сұраныс сақталады.

Бұл туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Болжамдау департаментінің баспасөз қызметі.

Биыл Қазақстанда еңбекке қабілетті жастағы халық саны 11,4 млн адамға жетеді. Ал жұмыссыздар саны 461-465 мың адам деңгейінде болады. Яғни жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан аспайды, – дейді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Болжамдау департаменті.

Жалдамалы жұмыскерлер саны 6,8-6,9 млн адамды құрайды. Оларға сұраныс 188,6 мың адам болады.

Күзетшілер, бухгалтерлер, сатушылар және жүргізушілер еңбек нарығында жаппай сұраныста қала береді.

Өзгелердің жаңалығы