Елімізде пойыз вагондарын жаңартуға швецариялық компания тартылады

30 Маусым 2022, 15:49
2240
Бөлісу:
Елімізде пойыз вагондарын жаңартуға швецариялық компания тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде мыңға жуық пойыз вагондарының мерзімі 30 жылдан асқан.

Бұны орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында ИИДМ Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов айтты.

Бүгінгі таңда ел аумағында  130-дан астам жолаушылар пойызы жүріп тұр. Жылжымалы құрам паркінде 2,6 мың жолаушылар вагоны бар, олардың орташа тозу деңгейі 46 пайызға жетіп отыр. Соңғы 10 жылда 1,1 мыңнан астам жаңа вагон, оның ішінде 600-ге жуық «Тұлпар-Тальго» вагоны сатып алынды. Биыл тағы 73 вагон сатып алынады. Дегенмен, 900-ден астам вагонның мерзімі 30 жылдан асып кеткен, олар сұраныс көбейген кезде ғана пойыздарға қосылады. Бұл мәселені шешу үшін Министрлік  тиісті шаралар қабылдауда, - деп атап өтті Қасым Тілепов.

Спикер Министрліктің отандық жолаушылар пойызын жақстарту үшін швейцариялық Штадлер компаниясы тартылғанын мәлім етті.

Жоба аясында «Тұлпар» вагон жасау зауытының базасында 537 вагон шығару жоспарлануда. Вагондар кемінде 35% оқшаулау деңгейімен, еуропалық сапа стандарттарымен және жаңа технологиялар трансфертімен шығарылатын болады, - деді ИИДМ Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы. 

Өзгелердің жаңалығы