Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ел бойынша өзін банкрот деп жариялаған азаматтардың санын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы заң қабылданған кейін 3 наурыздан бастап іске асырыла бастады. Осы уақытқа дейін азаматтардан - 34 081 арыз түсті. Ең көп арыз түскен Түркістан облысы өңірден 5400 арыз түсті, екінші орында Алматы облысы 4030 арыз түсті. Үшінші орында Алматы - 2877 азамат арызданған, - деді спикер ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар вице-министр арыз шағымдарды қарау үшін өз тарапымыздан скоринг жүйесін дайындап, іске асырғанын атап өтті.
Бірімжановтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда арыздардың 94 пайызы электронды түрде Egov үкімет порталы арқылы іске асырылуда. Шаралар 100 пайыз электронды түрде жүріп жатыр.