Елімізде ойын бизнесі және лотерея комитеті құрылады

18 Маусым 2024, 05:18
252
Бөлісу:
Елімізде ойын бизнесі және лотерея комитеті құрылады
Фото: baq.kz

Елімізде ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитетін қайта құруды жоспарлап отыр. Тиісті қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің құрамынан Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетін бөлу жолымен қайта құру туралы шешім қабылдады, - делінген құжатта.

Қаулы жобасын қабылдау аталған комитетке салалық мәселелерді дербес және тиімді шешуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы