Бұл туралы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Найля Мұхтарова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Демографиялық статистикаға сүйенсек, елімізде некеге тұратын жастардың орташа жасы өсіп келе жатыр. Бұрын 21-22 жас аралығы болса, бүгінгі таңда орташа жас 25-тен асты. Бұл тенденция тек отбасы құруда біздің қоғамның әртүрлу салаларында байқалады, – деді Мұхтарова.
Оның сөзінше, жастар алдына басқа да мақсаттарды қойып, отбасы құруды кейінге қалдырып жатыр. Бұл үрдіс артып келеді.
Бала туудың орташа жасы да ұлғайды. Бұрын 23-24 жас болса, қазір 29 жасқа жетіп отыр, – деді ол.
Оқи отырыңыз: