Осы жылы 15 тамыздан 15 қазанға дейін ТЖМ бөлімшелері халыққа пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша жыл сайынғы республикалық өрт қауіпсіздігі акциясын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл акция 2 кезеңде өтеді.
15 тамыздан 15 қыркүйекке дейінгі өрт қауіпсіздігі акциясының I-кезеңінде әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен бірлесіп, оның ішінде қажетті көмек көлемін анықтау үшін халықтың әлеуметтік осал топтарының, жетім балалардың, көп балалы отбасылардан шыққан балалардың тұрғын үйлеріне барып аралау ұйымдастырылады.
II-өрт қауіпсіздігі акциясының кезеңі 15 қыркүйекте басталып, 15 қазанда аяқталады. Осы кезеңде профилактикалық жұмыстармен автономды жылыту жүйелерімен байланысты төтенше жағдайларға неғұрлым бейім тұрғын үйлер қамтылатын болады, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне бару жалғасатын болады, - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Құрметті азаматтар! Төтенше жағдайлар министрлігі осы акцияны өткізуге түсіністікпен қарауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.