Елімізде оқулықтардың 79 пайызы цифрлық форматқа көшірілді

7 Наурыз 2023, 10:31
1437
Бөлісу:
Елімізде оқулықтардың 79 пайызы цифрлық форматқа көшірілді

Пәндерді электронды оқулықтармен 100 пайыз қамту 2024 жылға жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда оқулықтардың 79 пайызы цифрлық форматқа көшіріліп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Сонымен қатар виртуалды зертханалар мен геймификация элементтері цифрлық контентке енгізіліп жатыр. Электронды оқулықтар әзірлеу жұмысына еліміздегі 11-ден аса отандық баспалар ат салысты. Пәндерді электронды оқулықтармен 100 пайыз қамту 2024 жылға жоспарланған, - деді Оқу-ағату министрі.

Ведомства басшысының айтуынша, педагогтер үшін электронды оқулықтарды тиімді пайдалану әдістемелері әзірленіп, оқыту жұмыстары басталды.

Электронды оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылады. Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды. 2023 жылдың басынан бастап Цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған, - деді Ғани Бейсембаев. 

Өзгелердің жаңалығы