Елімізде өңдеуші өнеркәсіп саласында инвестиция көлемі артқан

24 Тамыз 2021, 23:23
2741
Бөлісу:
Елімізде өңдеуші өнеркәсіп саласында инвестиция көлемі артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 7 айда өнеркәсіптегі негізгі капиталға 3,33 трлн теңге инвестиция тартылған. Тау-кен өндірудегі инвестициялық белсенділіктің күрт төмендеуі аясында өңдеу өнеркәсібіндегі инвестиция бір жылда 1,8 есе өскен, деп хабарлайды energyprom.kz.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп секторындағы негізгі капиталға  3,33 трлн теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3% аз. Күрделі салымның нақты көлемінің төмендеуі 10,5% жеткен.

Саладағы инвестицияның ең көп көлемі дәстүрлі түрде тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу сегментіне тиесілі, барлық портфельдің 61% немесе 2,03 трлн теңге. Сондай-ақ аталған сектордың үлесі бір жылда күрт азайған: 2020 жылғы ұқсас кезеңде өндіруші салаға тартылған инвестиция көлемі – 74,5%.

Саладағы мұндай өзгеріс (ақшалай – минус 24,9%, нақты көлем – минус 26,5%) өңдеу сегментіндегі инвестициялық белсенділіктің күрт артуымен де байланысты.

Мұнда күрделі салымдар бір жылда 88,4% және нақты көлемде 82,9% немесе 836,7 млрд теңгеге дейін өскен (рекордтық көрсеткіш). Бұл Қазақстан өнеркәсіптік секторы инвестициялық портфелінің – 25,1%. Өткен жылы саладағы көрсеткіш 12,2% болған

Тау-кен өндіруде дәстүрлі түрде мұнай-газ өндіру саласы көшбасында тұр: 1,52 трлн теңге немесе өндіруші сегмент портфелінің 75%. Алайда өткен жылғы көрсеткіш – 83,5%.Металл кенін өндіру үлесі өндіруші саланың күрделі инвестицияның жалпы көлемінен 12,2%-дан 16,8%-ға дейін өскен

Қайта өңдеу сегментінде инвестицияның ең көп көлемі химия өнеркәсібі саласына бағытталған: портфельдің – 37,7%, өткен жылғы көрсеткіш 13,9%. Бұл – 315,6 млрд теңге, өткен жылғы көрсеткіштен 5 есе артық.

Инвестиция тартылған негізгі секторларға металлургия саласы (өңдеу саласындағы күрделі салымның 34,3% немесе 287,3 млрд теңге), тамақ өнеркәсібі (8,4% немесе 70,4 млрд теңге) және құрылыс материалдары мен өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (6,1% немесе 51,2 млрд теңге) енді.

Сондай-ақ электрмен және жылумен жабдықтау сегментіне 293,6 млрд теңге (өткен жылмен салыстырғанда 5% аз, ақшалай және нақты мәнде 7% аз); сумен жабдықтау, су бұру, сондай-ақ қалдықтарды жинау және жоюға 167,1 млрд теңге (құндық көлемде минус 2,3% және нақты көлемде минус 4,6%) инвестиция тартылған.

Өзгелердің жаңалығы