Елімізде оңалту орталықтарының саны артып келеді

7 Шілде 2022, 22:15
1764
Бөлісу:
Елімізде оңалту орталықтарының саны артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Балалар жылында балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 40%-дан аса көрсеткішке артты. 

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК), оңалту орталықтары мен логопедиялық орталықтар желісін кеңейту ықпал етіп жатыр. Былтыр орталықтарға 30 мың бала барса, биыл олардың саны 53 мыңға дейін артып отыр.

Қолданыстағы ПМПК-ларды кеңейту және жаңаларын ашудың арқасында арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтуды арттыру мүмкін болды. Мысалы, былтыр елімізде 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылған болатын. Енді республикадағы ППТК-ның жалпы саны 211-ге жетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша баланың дамуындағы проблемаларды ерте анықтау және түзету үшін қосымша жағдайлар жасалып жатыр. Ол үшін қазір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтарының саны артып келеді, - деп айтты Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова.

Өзгелердің жаңалығы