Елімізде «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелгені рас па?

24 Желтоқсан 2021, 17:29
1248
Бөлісу:
Елімізде «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелгені рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Батыс Қазақстанда «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл жалған ақпарат, «омикрон» туралы айтылған жоқ. «Омикрон» жоқ, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан  ақпаратқа сүйенсек, Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының «омикрон» штамын жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелмеген.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кететіні туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы