Елімізде несиелік ахуал индексі нашарлады

26 Қаңтар 2022, 14:46
1356
Бөлісу:
Елімізде несиелік ахуал индексі нашарлады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2022 жыл басталысымен еліміздің кредиттік ахуал индексі 3,9 сатыға төмен түсіп, 62,1% болды. Бұл көрсеткіш несиені өтеу ықтималдығы жоғары қарыз алушылардың үлесі. Алиқарыз алушылардың 18,2%-ы қазірден дефолтқа ұшыраған. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мекемесінің бас директоры Руслан Омаров айтты.

Оның айтуынша, дефолтқа ұшырағандар  қарызын өтеуді 90 күнге шегергендер. Сондай-ақ кредит алғандардың 19,7%-ның да жағдайы мәз емес, олар анықталмаған аймақта. Азаматтардың бұл санаты әртүрлі өзгерістерге сезімтал, бұл олардың несиелік тәртібіне әсер етуі мүмкін.

2021 жылы қаржылық сауаттылық индексі 0,6 сатыға өсіп, 5,13%-ға жеткен. Ел азаматтары өздерінің кредиттік тарихына көп мән беретін болған. Сарапшылардың айтуынша, қажетсіз несиелерден құтылу үшін, оның алдын алу шараларына жүгінетін қазақстандықтар көбейген, – дейді Омаров.  Кредиттік алаяқтармен күресу үшін Мәжіліс депутаттарының бастамасымен 2022 жылы Бірінші кредиттік бюро ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Стоп-кредит» сервисін іске қосқан. Бұл қызмет жеке тұлғалардың несие тарихына қол жеткізуді шектеуге мүмкіндік береді.  

 

Өзгелердің жаңалығы