ОКҚ-да өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова жетім балалардың отбасында тәрбиеленгені маңызды екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елімізде 21 мың жетім баланың 17 600-і отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Жыл сайын азаматтар 1 мыңға жуық жетім баланы өз отбасына алады. Тәлімгерлік институты енгізіліп, 300-ге жуық адам жетім балаларға тәлімгер болды, - деді комитет төрағасы.
Оспанова атап өткендей, мемлекеттің басым міндеті - балаларды көшедегі, үйдегі және мектептегі қауіпті жағдайлардан қорғау. Сондықтан балалар объектілерінде бұрын-соңды болмаған кешенді қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылып жатыр.
Бұған дейін Қазақстанда балалы отбасыларға қандай қолдау көрсетілетіні айтылды. Сондай-ақ ата-аналар мен педагогтерге арналған тағы бір бағдарлама әзірленіп жатқаны хабарланды.
Оқи отырыңыз: