Қыс мезгілінде елімізде мұз үстінде 59 адам құтқарылған, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов айтты.
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша халықпен ақпараттық-профилактикалық жұмыс шеңберінде халық арасында 266 235 бірлік үгіт өнімі таратылды, халықпен 2 мыңға жуық жиын өткізілген. Профилактикалық жұмысқа 15 700 волонтер тартылды.Профилактикалық жұмыс шеңберінде 21 856 патрульдеу және рейд жүргізілді, 3 564 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды,-деп атап өтті ол.
Сондай-ақ маман сөзінше қыс мезгілінде елімізде мұз үстінде 59 адам құтқарылған, оның ішінде 4-еуі кәмелетке толмағандар.
Қысқы кезеңде жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан (2023 жылдың бірінші желтоқсанынан бастап) еліміздің су айдындарында 6 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған суға батып кетті.Талдау көрсеткендей, қыста судағы өлімнің басты себептерінің бірі-бұл халықтың, әсіресе балалардың мұзда болумен байланысты қауіптерді түсінбеуі,-деді ол.
Сөз соңында, суда, балық аулауға шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.