Елімізде мобильді ақша аударымдары бақыланады

15 Сәуір 2022, 08:54
2442
Бөлісу:
Елімізде мобильді ақша аударымдары бақыланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары бақылауда болады. 

Қаржы министрінің осыған қатысты 29 наурыздағы бұйрығы бүгін күшіне енеді. Мобильді аударымдарды бақылау арқылы жеке тұлғаның кәсіпкерлікке қатысы бар-жоғы анықталады.

Яғни жеке тұлғаның банк шотына қатарынан 3 ай ішінде 100 және одан да көп тұлғадан ақша түссе, онда бұл операциялар кәсіпкерлік қызметтен пайда табу деп есептеледі.
.

1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 айдың ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша аударылса, кәсіпкер болып, табыс табу белгісі болып саналады, – делінген ресми хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы