Елімізде мемлекеттік "Теңіз жасағы" компаниясы құрылады. Ол немен айналысады?

12 Шілде 2024, 23:25
633
Бөлісу:
Елімізде мемлекеттік "Теңіз жасағы" компаниясы құрылады. Ол немен айналысады?
Фото: baq.kz

Қазақстанда жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Теңіз жасағы" акционерлік қоғамы құрылады. Бұл туралы Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компания Маңғыстау облысында орналасады және Каспий теңізіне мұнайдың төгілуін болдырмау мақсатында жұмыс істейді.

Үкімет қаулысына сәйкес, "Теңіз жасағы" АҚ компаниясы:

Солтүстік Каспий мұнайдың төгілуіне әрекет ету экологиялық базасын және Каспий теңізінің қайраңында іске асырылатын басқа да теңіздегі мұнай операцияларына қолдау көрсететін инфрақұрылымдық нысандарды пайдалануға беру, пайдалану, басқару және сервистік қызмет көрсету;

Каспий теңізінің қайраңында іске асырылатын теңіздегі мұнай операцияларына қолдау көрсететін инфрақұрылымдық нысандарды жасау;

мұнайдың төгілуінің алдын алу және төгілген жағдайда теңізде және жағалауда әрекет ету;

мұнай-газ жабдығын шығару және сервистік қызмет көрсету жобаларына қатысу;

мұнай-газ саласында техникалық қолдау көрсету жұмыстарымен айналысады.

Қоғамның жарғылық капиталын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мүлкiн беру есебiнен қалыптастырылады.

Өзгелердің жаңалығы