Елімізде машина жасаушылардың 10-шы форумы басталды

22 Қыркүйек 2022, 10:09
1737
Бөлісу:
Елімізде машина жасаушылардың 10-шы форумы басталды

Елордада Қазақстан машина жасаушыларының 10-шы форумы басталды, де хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумда 12 секциялық отырыс өтеді. Онда ауыл шаруашылығы мен теміржол және электротехникалық машина мен автомобиль жасау салалары талқыланады.

Отырысқа Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Ұлттық компаниялардың басшылары , шетелдік серіктестер және машина жасау кәсіпорындары қатысады.

Форумның ұраны: Қазақстан машина жасау одағы жаңа дәуірге аяқ басады!

Іс-шара аясында ашық және жүйелі диалог өтеді. Машина жасау және өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиясы әзірленеді.

Еліміздің машина жасау саласына инвестиция тарту басым бағыттың бірі. 2010-2021 жылдар аралығында елімізге машина құрастыру үшін 2,5 млрдн доллардан астам шетелдік инвестициялар тартылды. Соның арқасында өсім 1,7 есе өсіп, 245 млн доллларға дейін жетті.

Сондай-ақ елімізге Сименс Дженерал Электрик, Дженерал Моторс, Альстом, Жак, КАМАЗ, Трансмашхолдинг, Клаас сияқты трансұлттық компаниялар және басқа да бірқатар инвестор келді. 

Өзгелердің жаңалығы