Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТМД электр энергетикалық кеңесінің 60 жылдық мерейтойлық отырысында белгілі болды.
Жобаны іске асыру үшін төрт жақты келісім жасалды. Энергетика министрлігі «Полиметалл Евразия» ЖШС, «KEGOC» АҚ, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы» ЗТБ арасында төрт жақты келісім жасалды.
Құжат жаңа өндіруші қуаттарды салу шеңберінде міндеттемелерді орындау бойынша тараптардың әрқайсысының жауапкершілігін бекітеді. Polymetal жобасы бойынша Абай және Қостанай облыстарында екі күн және бір газ поршеньді маневрлік электр стансасын салу болжанады. Құрылыс бес жыл бойы жалғасады. Инвестициялардың жалпы көлемі 90 млн доллардан асады, жаңа жасыл генерация елді жылына 80 МВт-тан астам таза электр энергиясымен қамтамасыз етеді, - дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, Қазақстан жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамытуды көздеп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанның төмен көміртекті дамуы бойынша 2050 жылға дейінгі тұжырымдаманы әзірлеу жүргізілуде. Үкімет электр энергетикасын дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша жұмыс істеуде, елдің 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансы дайындалуда.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз тапсырмасында жаңа ахуал мен ағымдағы оң динамиканы ескере отырып, электр генерациясындағы ЖЭК үлесін 2030 жылға қарай 15% - ға дейін арттыру міндетін қойды. Бүгінгі күні жалпы энергия теңгерімі құрылымында ЖЭК – тің сапалы өсуіне қол жеткізілді - 3%.
Осы өндіруші Polymetal компаниясы мақсаттарының бірі - 2030 жылға қарай шығарындылардың қарқындылығын 30% - ға төмендету, сондай-ақ 2025 жылға қарай жаңартылатын көздерден электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 7% - ына қол жеткізу.