Елімізде мұнай бағасы 3,5% қымбаттады

3 Қыркүйек 2019, 06:36
1371
Бөлісу:
Елімізде мұнай бағасы 3,5% қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өнеркәсіптік өнімдердің бағасы ағымдағы жылдың сегіз айында  3,1% қымбаттады. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарлады.

Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде – 3,5%, өңдеу өнеркәсібінде 4,1% жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер 3,3%, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 0,8% өсті. Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы көмірге - 10,1%, металл кендеріне - 5,3%, мұнайға - 3,5%, табиғи газға - 1,6%, дизель отынына 1% жоғарылады, олардың бензинге - 9,1%, сұйытылған пропан және бутанға - 1,2% төмендеді.

Сондай-ақ, қара бидай ұны - 23,8%, бидай ұны - 14,9%, күріш - 18,3%, жармалар - 12%, макарон өнімдері - 10,2%, мал еті - 8,6%, құс еті - 1,2%, нан – 6,1%, шай - 3,4%, сүт өнімдері – 3,2%, өсімдік майы бағалары - 2,6% жоғарлап, ал қанат бағасы 0,3% арзандаған.




Өзгелердің жаңалығы