Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 25 қазандағы жағдайға байланысты коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты ұсынды.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 964 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 245 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 222 науқас жатыр. 742 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 120 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген хабарламада.Сонымен қатар Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 152 адамда коронавирус індеті расталып, ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 15
Алматы қаласы - 20
Шымкент қаласы - 3
Ақмола облысы - 12
Ақтөбе облысы - 1
Алматы облысы - 12
Атырау облысы - 5
Шығыс Қазақстан облысы - 27
Жамбыл облысы - 4
Батыс Қазақстан облысы - 8
Қарағанды облысы - 10
Қостанай облысы - 6
Маңғыстау облысы - 6
Павлодар облысы - 13
Солтүстік Қазақстан облысы - 9
Түркістан облысы - 1
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 110402 жетті.
Бұдан бөлек елімізде өткен тәулікте 52 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Аймақтар бойынша
Ақтөбе облысы - 1
Атырау облысы - 3
Қарағанды облысы - 15
Павлодар облысы - 5
Солтүстік Қазақстан облысы - 23
Түркістан облысы - 5
Қазақстан бойынша жазылғандар саны 105618 науқасты құрайды.