Елімізде күнбағыс майының өндірісі артты

25 Қараша 2022, 10:40
883
Бөлісу:
Елімізде күнбағыс майының өндірісі артты

Биыл күнбағыс тұқымына арналған егіс алқабы 1 млн гектарға дейін ұлғайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Егін жинау аяқтауға жақын, бүгінгі күні фермерлер бұл дақылдың егіс алқаптарының 96%-ын жинап, шамамен 1,2 миллион тонна күнбағыс бастырды. Айта кетсек, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп. 

Сондай-ақ елімізде күнбағыс майын өндіру көлемі де өсіп келеді. Биылғы жылдың қыркүйегіне қарай кәсіпорындар 352,3 мың тонна шығарды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 46,3%-ға артық.

Ведомство өкілдері атап өткендей, отандық күнбағыс майының бір бөлігі экспортқа шығарылады. Мәселен, 2022 жылдың басынан бастап шетелге 173,1 мың тонна өнім сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп.

Өзгелердің жаңалығы