Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам тiркелдi. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
Түркістан облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Жамбыл облысында - 5 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 221 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 48 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 24 адам, Жамбыл облысында - 40 адам, Шымкент қаласында - 19 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 50 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 662 науқас тіркелді.
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың жалпы саны 662 адамға жетті. Оның 46-сы жазылып шықса, 6 адам көз жұмды.