Елімізде коронавирус бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасты – Цой

9 Қыркүйек 2020, 10:51
1244
Бөлісу:
Елімізде коронавирус бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасты – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 

Қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. 9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 106 498, соңғы тәулікте 73 адамнан инфекция анықталды. Тиісті ем-дом қабылдап жатқандар саны 4 810, жазылып шыққандар – 100 042 немесе 94%, қаза болғандар саны – 1 646. Енгізілген қатаң шаралардың арқасында 5 шілдеден бастап төсек-орынмен қамту деңгейінің 6 есеге, реанимациялық төсек-орынның 6,6 есеге төмендегені байқалады. Сонымен қатар, коронавирус бойынша жедел жәрдем шақырту көрсеткіші 5,5 есеге төмендеген. Емханалар үйден қызмет көрсету форматына көшкен. Мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артты. Бүгінде тұтас ел бойынша мұндай мобильді бригадалар саны – 3 640, - деді ол.

Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанымен, Еуропа және Азияның бірқатар елінде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткішінің күрт өскенін жеткізді.

Алайда, біздің елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанымен, Еуропа және Азияның бірқатар елінде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткішінің күрт өскені байқалады. Мысалы, өсім байқалған елдер қатарында Италия, Испания, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия бар. Ал ТМД елдері бойынша вирус жұқтырудың орташа деңгейі 0,5%-ды құрап отыр. Бұл Қазақстандағы жағдайға қарағанда 5 есеге жоғары, - деді ол.

Министрдің айтуы бойынша, Швейцарияның Қоғамдық денсаулық сақтау федералды басқармасы Қазақстанды елге келген кезде карантин сақталуы керек елдер қатарынан алып тастаған.

Бүгінде COVID-19 инфекциясымен күрес жолында қоғамның рөлі маңызды. ДДСҰ-ның мәлімдеуінше, әлем елдерінің үкіметі белсенді жетекшілік тізгінді қолға алып, ел тұрғындары қажетті санитарлық нормаларды қатаң ұстанғаны жөн. ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейсустың айтуынша, бұл соңғы пандемия емес. «Тарихи бізге түрлі аурулар мен пандемиялардың ошақтары өмірдің өзі екенін үйретеді» деген еді ол. Осы ретте Швейцарияның Қоғамдық денсаулық сақтау федералды басқармасы Қазақстанды елге келген кезде карантин сақталуы керек елдер қатарынан алып тастағанын айта кету керек. Ал Швейцарияға өзге елдерден келген адамдар карантинге оқшауландырылуда. Мұндай елдер тізімі 7 қыркүйекте жаңартылды. Бұл Қазақстанның пандемиямен күрес жолында дұрыс бағыт таңдағанын және елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын көрсетеді, - деді Цой.

Өзгелердің жаңалығы