Елімізде коммуналдық салаларды жаңарту үшін қанша қаржы қажет? - вице-министр жауабы

Бүгiн, 11:43
153
Бөлісу:
Елімізде коммуналдық салаларды жаңарту үшін қанша қаржы қажет? - вице-министр жауабы
Фото: BAQ.KZ архив

"Энергетикалық және коммуналдық саласын жаңғырту" ұлттық жобасы барынша отандық тауарларды қолдануға және инвестициялар тартуға бағытталған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ұлтық жоба шеңберінде отандық өнімнің үлесін 2029 жылға дейін 20%-дан 60%-ға жеткізу міндеттелген. Осы көрсеткішке қол жеткізу мақстында, жұмыс екі бағытта іске асады:

1) елде жаңа өндiрiс қуаттарын ашу мақсатында оффтейк келісім-шарттар жасау;

2) жеткізушілер мен мердігерлер арасындағы өзара ашық әрекеттесу үшін электрондық сатып алу алаңын әзірлеу.

Алдын-ала ұсынылған деректерге сәйкес, 2029 жылға дейін энергетика және коммуналдық салаларды жаңғырту үшін шамамен 4,4 трлн теңгеге 1049 өнім түрі қажет. (5 жыл ішінде). Бұл өнімдер желілерді, станцияларды, жылу және сумен жабдықтау, кәріз жүйелерін жаңғыртуға қажет, - дейді вице-министр Үкімет отырысында өткен баспасөз мәслихатында. 

Министрліктің айтуынша, қазіргі таңда қажетті тауарлар тізіміне талдау жасалды.

Кәсіпкерлердің қатысуымен бірқатар салалық кездесулер өтті. Нәтижесінде 3,4 трлн теңгеге 711 өнім түрін шығаратын 187 кәсіпорынның тізімі құрылды. Отандық кәсіпорындардың темір-бетон бұйымдарына, полиэтилен құбырларына және трансформаторлардың, қазандықтардың, кабельдік бұйымдар мен ажыратқыштардың жекелеген түрлеріне сұранысты толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар, - дейді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы