2025 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанда техникалық тексеру ережелері жаңартылады. Бұл өзгерістер Көлік министрінің 2025 жылғы 7 ақпандағы №38 бұйрығына сәйкес енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Енді техникалық тексеріс операторлары қызметін рұқсаттың екінші санатын алған күннен бастай алады. Бұған дейін бұл рұқсат туралы хабарлама берілген күннен бастап жүзеге асырылатын.
Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (ТБЖ) көлікте пайдалануға тыйым салынған ақаулар анықталса, диагностикалық картаның күшін жояды.
Көліктердің техникалық тексеру мерзімі олардың санатына байланысты өзгерді:
Жеке мақсаттағы көліктер:
- Шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асқан М1 санатындағы көліктер – жылына 1 рет.
- 1 жылдан асқан N1-3, О1-4, L1-7 санатындағы көліктер – жылына 1 рет.
Кәсіпкерлік мақсатта қолданылатын көліктер:
- М1 санатындағы, сондай-ақ жолаушылар мен жүк тасымалдауға арналған М2, М3, N санатындағы көліктер – 6 ай сайын.
- Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған немесе арнайы жабдықталған көліктер – 6 ай сайын.
Бұл өзгерістер 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап заңды күшіне енеді.