Елімізде "Көктем-2024" оқу-жаттығуы өтті

9 Ақпан 2024, 17:19
537
Бөлісу:
Елімізде "Көктем-2024" оқу-жаттығуы өтті
Фото: BAQ.KZ -архив

Ақпан айының 8-9 күндері "Көктем-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді.

Оқу-жатығу жиынының негізгі мақсаты азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындау. Сондай-ақ халықты және ел аумағын су тасқыны қаупі жағдайында қорғауды ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық шешімдерді пысықтау.

Оқу-жаттығуға 15 республикалық азаматтық қорғау қызметі, жергілікті атқарушы органдар, облыстық, қалалық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің бөлімшелері және Ұлттық ұланның әскери бөлімдері, сондай-ақ волонтерлер мен қоғамдық ұйымдар қатысты. Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін функционалдық міндеттерді орындауға және төтенше жағдайларды жою кезіндегі құралдар мен күштерді басқаруға даярлау бойынша 2 кезеңде өткізілді, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы