Елімізде кім судья бола алады

Бөлісу:
Елімізде кім судья бола алады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жоғарғы Сот Кеңесінің өкілі кім және қалай судья бола алатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенованың айтуынша, 30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және заң мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар ҚР азаматы судья бола алады.

Елімізде судья мамандығына кіру 2 жолмен жүзеге асырылады. Біріншісі – бұл Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында тиісті оқудан өту және оның қорытындысы бойынша судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру. Екіншісі – Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын сәтті тапсыру.

Сот төрелігі академиясында оқудың артықшылықтары: оқу мерзімі 1 жыл, оқу мерзімі кезінде жұмыс орны және толық еңбекақы мөлшері сақталады, Астана қаласының соттарында тағылымдамадан өту, Шалғай аудандарда судья лауазымына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі беріледі. Академия түлектері соттарда тағылымдамадан өтуден босатылған, – деді Нұрия Сисенова брифингте.

Өзгелердің жаңалығы