Елімізде киік мүйізін таңбалау құны бекітілді

Тиісті бұйрық 2026 жылғы 11 наурызда қабылданып, 14 наурыздан бастап күшіне енді.

 gov/kz Бүгiн 2026, 22:10
Бүгiн 2026, 22:10
148
Фото: gov/kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығына сәйкес, бір бақылау белгісінің шекті құны ҚҚС-сыз 911 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа талаптар киік мүйіздерінің шығу тегі мен қозғалысын бақылауды күшейтуге бағытталған. Министрліктің мәліметінше, таңбалау жүйесі тауардың өндірілген сәтінен бастап тұтынушыға дейінгі барлық жолын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл көлеңкелі айналымды азайтып, контрафактілік өнімнің таралуына тосқауыл қояды.

Сонымен қатар белгіленген бірыңғай баға нарық қатысушылары үшін тең жағдай жасап, есепке алу және бақылау жүйесін жеңілдетеді.

Айта кетейік, биылдан бастап киік мүйіздері ресми түрде сатыла бастайды. Экология министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, министрліктің қоймаларында шамамен 20 тонна киік мүйізі бар. Оның барлығы заңсыз киік аулаған броконьерлерден алынған. Биыл оларды экспортқа шығарып сату жоспарланып отыр.

Наверх