Елімізде келесі жылы папилломаға қарсы вакцина егіле бастайды

6 Наурыз 2023, 22:50
1119
Бөлісу:
Елімізде келесі жылы папилломаға қарсы вакцина егіле бастайды
Фото: zakon.kz

2024 жылы елде папиллома вирусына қарсы вакцина егіле бастайды. Бұл туралы онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының онкологтары мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың айтуынша, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойын обырынан 600-ге жуық әйел көз жұмады. Ғалымдар, қатерлі ісіктің бұл түрін тек вакцина арқылы жеңуге болады дейді.

2013 жылы адамдағы папиллома вирусына қарсы вакцина егу еліміздің 4 аймағында пилоттық түрде жүргізілген. Сол кезден бергі зерттеулер оң нәтиже көрсетті. Оған қатысқан ерікті қыз-келіншектер бақылауда болды. Оларда қазір вирустың белгілері жоқ. Бұл дамыған елдердің тәжірибесінде бар, – дейді онкохирург-дәрігер Толқын Садықова.

Айта кетейік, вакцина мектеп жасындағы қыздарға ата-анасының рұқсатымен салынады.

Өзгелердің жаңалығы