Елімізде қанша ауыл әлі күнге дейін ауызсумен қамтылмай отырғаны белгілі болды

2 Қыркүйек 2021, 10:46
2534
Бөлісу:
Елімізде қанша ауыл әлі күнге дейін ауызсумен қамтылмай отырғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгінгі Үкімет отырысында халықты сапалы ауызсумен 100% қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар атқарылып жатқанын айтты.

Әзірге сапалы ауызсумен қамтылмаған 1 922 ауыл бар. Олардың 793-де орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін салу жоспарланып отыр. Халық саны 200-ден аз 1 129 ауылда суды тазартатын жергілікті жүйе орнатылады. 2025 жылы сумен жабдықтау қызметтерімен ел халқы толықтай қамтамасыз етіледі, - деді министр. 

Сонымен қатар ол құрылыстық жобалаудың сметалық құнын төмендету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Минитсрлік жобалаудың бастапқы кезеңінде болжамды құнын есептеу үшін онлайн калкулятор жүйесін іске қосты.

Статистикалық деректер негізінде сметалық бағаларды қалыптастыру бойынша КДС-Стат ақпараттық жүйесі енгізілді. Жобалық шешімдерді көп мәрте қолдану және біркелкі қабылдау үшін жобалық-сметалық құжаттаманың бірыңғай электрондық банкі құрылды. Мемлекеттік қаражат есебінен салынатын әлеуметтік нысандарда 1 шаршы метр құрылыстың шекті құнын белгілеу ұсынылды, - деді Атамқұлов.

Өзгелердің жаңалығы