Елімізде көлік тасымалы қашықтан бақыланатын болды

11 Маусым 2020, 14:01
1907
Бөлісу:
Елімізде көлік тасымалы қашықтан бақыланатын болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенаты "Автокөлік тасымалы жөніндегі" ҚР заңына өзгертулер енгізу туралы заңды қабылдады. Бұл заңда  халықаралық автокөлік тасымалын бақылау мәселесі қамтылған.

Қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің қорытындысында навигациялық пломбты пайдалану негізінде тауар тиеген көліктерді қашықтан бақылауға болатыны айтылған. Яғни осы құрылғымен Қазақстан аумағындағы және ЕЭАО елдері территориясында кетіп бара жатқан көлікті бақылауға болады.

Навигациялық пломбтың сигналы Мемлекеттік кірістер комитетінің жағадай орталығына келіп түседі. Сол бойынша автокөліктердің қозғалысын қадағалайтын болады. Көліктің бағдары өзгеріп немесе пломбты қасақана жұлынып, жойылатын болса Мемлекеттік кірістер комитеті сәйкесінше тиісті шаралар қолданылмақ.

Еске сала кетейік, сондай-ақ бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында "Атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы" заңды қабылдады. Бұл құжат жала жапқаны үшін жауапкершілікті қылмыстық сипаттан арылтуды көздейді.
 
Өзгелердің жаңалығы