Елімізде инвестициялық жобалардың саны артады

20 Қаңтар 2024, 18:30
508
Бөлісу:
Елімізде инвестициялық жобалардың саны артады
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес отырысында энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы аясында бүгінде 61 ірі жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде ЖЭК, ЖЭО нысандарын салу, газ және гидроэлектростанцияларын іске қосу қамтылған.

Мемлекеттік органдарға инвесторлармен өзара іс-қимылды күшейтіп, жобаларды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ өңірлерге инвестиция тарту мәселелері көтерілді. Мәселен, 2023 жылы Жетісуда 52,8 млрд теңгеге жоспарланған 47 инвестициялық жобаның барлығы іске қосылып, соның арқасында облыста 1200-ден астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде жалпыұлттық пул аясында 10 ірі жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында қуаты 50 мегаватт жел электр стансасы, өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын зауыт, мультимодальды көлік-логистикалық орталық және т. б. бар.

Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері Инвестициялық штаб отырыстарында тұрақты негізде қаралатын болады.

Өзгелердің жаңалығы