Мамандар ұлттық стандарт СТ РК 3846-2023 бойынша мүгедектігі бар адамдармен тілдесу әдебі, қалалық орта мен мекемелердің қолжетімділігі, ұжымдық психология, халықаралық тәжірибе сияқты бағыттарда кешенді білім меңгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамыр айының басынан жалғасқан семинарларда министрліктер, Астана қаласы мен аудандарының әкімдіктері қызметкерлері, депутаттар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері оқытылды.
Мекемелерді бірыңғай стандартқа бейімдеуде инновациялық тәсілдер енгізілмек.
Инклюзия тек пандус орнату ғана емес, қоғамның көзқарасы мен қарым-қатынасының өзгеруі, қызметтер мен инфрақұрылымның барша азаматқа тең қолжетімді болуы деген сөз. Бұл ары қарай қоғамда инклюзия бойынша стандарттарды жетілдіруге мүмкіндік береді, - деп атап өтті оқытуға кіріспе сөзінде әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.
Сарапшыларды оқыту мен алған білімді іс жүзінде қолдануды мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғау мен инклюзивті қоғамды дамытуда көп жыл бойы еңбек етіп жүрген тәжірибелі мамандар үйретеді.