Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халыққа берілген кредиттердің көлемі 32,5 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк Төрағасы Ғалымжан Пірматовтың мәлімдеді.
Бүкіл ел бойынша төтенше жағдай енгізу аясында қаңтарда өсу баяулағаннан кейін ақпаннан бастап экономиканың көптеген салаларында оң үрдіс байқалды. Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі экономиканың өсуіне теріс әсер етпей, керісінше болашақта орнықты өсу үшін қажетті алғышарттар жасайды деп күтеміз, - деді ол Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша қабылдаған шешімі туралы өткен баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, жоғары тұтынушылық сұраныс іскерлік белсенділікті қолдайды, бұл халықтың нақты табысының ұлғаюы аясындағы бөлшек тауар айналымының өсуімен расталады.
Экономикалық белсенділік кредиттеудің өсіп келе жатқан көлемімен беки түсті. Мәселен, бірінші тоқсанда экономикаға берілген жаңа кредиттердің көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға, оның ішінде бизнеске берілген кредиттердің көлемі 19,6%-ға, халыққа берілген кредиттердің көлемі 32,5%-ға ұлғайды, -деді Ғалымжан Пірматов.
Айтуынша, наурыз айының қорытындысы көрсеткендей, мөлшерлеменің өсуі күшейіп келе жатқан белгісіздік пен кредиттерді беру талаптарының өзгеруі жағдайында кредиттеу үшін тежейтін фактор бола алмайды.
Бұдан былай банк секторы әлеуетті бірігулер мен қосылуларға, сондай-ақ халықтың тұтынушылық әрекеттен жинақтау әрекетіне ауысуына байланысты қалыптасқан жағдайлар мен өзгерістерге бейімделуін жалғастырады, - деп баяндады Ұлттық банк төрағасы.