Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биыл білім алушыларды қолдау бойынша қандай жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап шәкіртақы мөлшері бакалавриат бағдарламасы бойынша 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға өсті. Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы да 18%-ға ұлғайтылды, 2025 жылғы қаңтардан бастап тағы да 17%-ға өспек. Үкімет инвестицияларды ынталандыру және экономиканы әртараптандыру жөніндегі белгіленген жоспарларды іске асыруды жалғастырады, - дейді Нұрлан Серікұлы үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Байбазаров бұған дейін елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өсетінін айтқан болатын.
Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров "Доллар 600 теңгеге жете ме?" деген сауалға жауап берді.